Түркістан облысында полиция дронның көмегімен мал ұрлығын ашты
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында полицейлер Бәйдібек ауданының тұрғындары, ағайынды екі жігітті мал ұрлығы мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады.
Нақтырақ айтсақ, жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Бәйдібек ауданы ауылдарының бірінде 3 бас сиырды ұрлау фактісін анықтады.
Күдіктілер ұрланған малды көрші ауданға сатып үлгерген. Бөтеннің мүлкін өткізу фактісі дрон көмегімен тіркеліп, бұл мал ұрлығының ізіне тез шығуға мүмкіндік берді.
Сол күні күдіктілер тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталды. Тінту кезінде олардан 6 бас мал, аңшы мылтығы және басқа заттай дәлелдер тәркіленді.
Сондай-ақ ұрланған малды сатып алушы ретінде Ордабасы ауданының тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:59, 9 қаңтар 2026
Қазақстанда екі өңірге арналған су қалқаны салынады
-
12:33, 9 қаңтар 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
-
12:28, 9 қаңтар 2026
Венесуэладағы операциядан кейін АҚШ Сенаты Трамптың өкілеттігін шектеді
-
12:20, 9 қаңтар 2026
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: 10–12 қаңтарға болжам
-
12:11, 9 қаңтар 2026
Өзбекстанда қажылыққа қатысты алаяқтық әшкереленді





