Төтеншеліктер ескерту жасады: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

11:31, 1 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

Төтеншеліктер Алматы облысының тауларында 1-2 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталып отырғанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында – Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан.

"Алматы облысының тауларында 1-2 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні болуы мүмкін қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды", делінген ТЖД хабарламасында.

Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Бұған дейін "Алматы-Өскемен" тас жолының шектеу енгізілген учаскесі ашылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!