«Төтенше жағдай жарияланды». Таразда жаңажылдық түндегі өрттен кейін не болып жатыр
© Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
1 қаңтарда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы "Қарасу" ықшам ауданындағы шатыры өртенген №15 көпқабатты үйді аралап, тұрғындардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда мердігерлер шатыр жабындыларын алып, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Пәтерлерді жөндеу тиісті комиссияның нақтылау, анықтау шараларынан кейін жүзеге асады.
Аймақ басшысы зерделеу коммисияның жұмысына тұрғындарды да тарту қажеттігін баса айтып, қала басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, тұрғындарды сабырлық танытуға, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
"Өрттің шығу ошағын, себебін және шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тұрғын үйге нысаналы төтенше жағдай жарияланды. Әр пәтер бойынша келтірілген шығын есептеліп, заң талаптарына сәйкес қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Зардап шеккен тұрғындарға қажетті көмек көрсетіледі", – деді Ербол Қарашөкеев.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 31 желтоқсанда сағат 22:18-де аталған тұрғын үйдің балконынан өрт шығып, жалын шатырға тараған. Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 100 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Сағат 00:13-те өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына 62 адам және 22 техника жұмылдырылды. Көпқабатты тұрғын үйдің бірқатар тұрғындары қонақүйге орналастырылды.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлі мен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жұмыс жүргізуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 1 қаңтар 2026
Нью-Йорктың жаңа мэрі Құран кітабына қол қойып, ант қабылдады
-
17:38, 1 қаңтар 2026
«Көктайғақ, тұман, боран». Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:11, 1 қаңтар 2026
Қарағанды облысында қыстақтан шығып, қарлы боранда адасып кеткен екі адам аман-есен табылды
-
17:11, 1 қаңтар 2026
Қарағанды облысында қыстақтан шығып, далада адасып кеткен екі адам аман-есен табылды
-
16:45, 1 қаңтар 2026
2026 жылғы Жердегі алғашқы магниттік дауыл 3 қаңтарда түнде болатыны болжанады





