Тоқаевқа хат жазған елордалық оқушының арманы орындалды
© Сурет: видеодан алынды
Астаналық 12 жасар Кемел Жүсіповке Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президенттен сыйлық алдым. Хатымды оқыпты. Туған күніме, өзім қалағандай, Президенттің қолтаңбасы мен тілегі бар кітапты сыйлыққа алдым. Менің арманым орындалды. Әлі сене алар емеспін. Көп рақмет Сізге!" деп жазды елордалық оқушы бала Instagram-дағы парақшасына видео да жүктей отырып.
Баланың айтуынша, 21 желтоқсанда анасымен бірге Президент Әкімшілігіне шақырылып, сыйлыққа кітап алған.
"Кемел Жүсіповке өмірде ақ жол тілейміз! Азамат бол!", - деп жазған Мемлекет басшысы.
Айта кетсек, 12 жасар елордалық оқушы алдында Президентке жазған хатын әлеуметтік желіде жариялаған. Хат мәтіні - орысша.
"Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым сіздің әкеңіздің атындай - Кемел. Бүгін менің туған күнім әрі осыдан тура 12 жыл бұрын ата-анам маған осы есімді қойған" деп басталатын хатта 12 жасар бала саяхаттауды жақсы көретінін, Президентпен жүздесіп, сөйлесіп, ол кісінің "Әке туралы ой-толғау" кітабын сыйлыққа алуды армандайтынын жазған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





