Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін МӘМС жұмысын толық цифрландыруды тапсырды
© Фото: freepik
Президент Үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмыстарын аяқтау мен МӘМС жұмысын толық цифрландыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, Денсаулық сақтау саласында жеке-жеке жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйе бар. Аталған жүйелерді бір-біріне толыққанды байланыстыруды бұған дейін қанша талап етсек те, сол күйі жасалмады. Бюджет қаржысын жымқырудың басты себептерінің бірі – осы.
"Салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады. Оның үстіне бұл әлеуметтік салада орын алып жатыр. Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдар қылмыстың қашан жасалғанына, оны кімдердің жасырғанына қарамастан, істі егжей-тегжейлі тексеріп, ақиқатты анықтауға міндетті. Тергеу процесін өз бақылауымда ұстаймын. Үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысын аяқтауды тапсырамын. Бұл барлық үдеріске бақылау жасап, басынан аяғына дейін қадағалап отыратын жүйе болуға тиіс". Мемлекет басшысы
Оның айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің де барынша ашық болуын қамтамасыз ету керек.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жалған құжат толтырып, деректерді бұрмалайтын қитұрқы жолдар бар екені анықталды. Мен Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мәселеге арнайы тоқталдым. Тағы да айтамын. Бас прокуратура және тиісті құқық қорғау мекемелері барлық жымқыру әрекеттеріне қатысы бар адамдарды заң тұрғысынан жауапқа тартуы қажет. Білім саласында да неше түрлі алаяқтық әрекеттер бар болып шықты. Заңды бұзған азаматтарды міндетті түрде жазаға тарту керек. Үкіметке жыл соңына дейін Қордың жұмысын толық цифрландыруды тапсырамын. Сонда ғана жұмыс ашық жүргізіледі, ал қаржы тиімді жұмсалады".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін президенттің Үкіметке үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруды тапсырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:24, 10 ақпан 2026
Қырғызстанда Қазақстан азаматы ұсталды: арнайы қызмет мән-жайды мәлімдеді
-
15:13, 10 ақпан 2026
Мәдиев Қазақстанның IT-нарығы жедел даму үстінде екенін айтты
-
15:03, 10 ақпан 2026
«Кім жасады – сол төлесін»: Тоқаев мемлекеттік жүйелерді көшіру мәселесінде Мәдиевтен түсініктеме талап етті
-
14:56, 10 ақпан 2026
Жамбыл облысында «күлдіретін газды» жарнамалаған 65 сайт бұғатталды
-
14:50, 10 ақпан 2026
Оралда жасанды интеллект арқылы іздеуде жүрген азамат ұсталды





