Қырғызстанда Қазақстан азаматы ұсталды: арнайы қызмет мән-жайды мәлімдеді

15:24, 10 ақпан 2026

© Сурет: Instagram/gknb.official

Қырғызстанда синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесіліп, Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 10 ақпанда Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) мәлімдеді.

Ведомствоның ақпаратынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 282-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған сотқа дейінгі іс аясында Қырғызстан аумағына синтетикалық есірткі жеткізу арнасы әшкереленген.


"Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде **8 ақпанда Қазақстан Республикасының азаматы синтетикалық текті "Альфа PVP" есірткі затының 5 келісімен ұсталды", – делінген ҰҚМК хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!