Мәдиев Қазақстанның IT-нарығы жедел даму үстінде екенін айтты
© Фото: akorda.kz
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның IT-нарығы қарқынды өсіп келе жатқанын және салаға таланттарды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, еліміздің IT-нарығы жедел даму үстінде. Соңғы бес жылда IT-қызметтер экспорты 15 есеге артқан, ал IT-нарықтан түсетін табыс көлемі жылына 2 трлн теңгеге жеткен.
"Сонымен қатар IT саласы жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарын қалыптастырып отыр: бұл саладағы жалақы деңгейі ел бойынша орташа көрсеткіштен шамамен екі есе жоғары. Astana Hub экожүйесі саланың дамуына негізгі катализаторға айналып, оны отандық және шетелдік IT-компаниялар үшін тартымды етті. Алайда біз мұнымен шектеліп қалмаймыз", – деді ол.
Сондай-ақ Мәдиевтің айтуынша, елге зерттеушілер, инженерлер және технологиялық кәсіпкерлер қажет.
"Осы мақсатта біз әлемнің түкпір-түкпірінен таланттарды іздеу және тарту бағдарламасын іске қосамыз. Мысалы, Telegram компаниясымен бірлесіп Қазақстанға ең мықты спорттық бағдарламашыларды тартатын боламыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Astana Hub инфрақұрылымы еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Бұл жұмыс инфрақұрылымды ірілендіру және мазмұндық тұрғыдан толықтыру бағытында жалғасады. Сонымен қатар бүкіл Қазақстан бойынша таланттарды іздеу және стартаптарды өсіру жұмысы жүргізіледі. Бұл үдерісте alem.ai орталығы ерекше рөл атқарады", – деді спикер.
Бұған дейін президент тамақ өнеркәсібін дамытуға қатысты жүйелі шаралар қабылдау керектігін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:05, 17 сәуір 2026
Алматыда күшті әсер ететін дәрілік заттар заңсыз сатылған
-
23:01, 16 сәуір 2026
Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
-
22:57, 16 сәуір 2026
Алматыда толассыз жауын-шашынға байланысты қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
-
22:26, 16 сәуір 2026
Алматыда құрғақ шөптің өртенуі азайды – ТЖД
-
21:42, 16 сәуір 2026
Жамбыл облысында оқушы өзіне қол жұмсаған: үш адам сотталды





