Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы келіссөз аясында Камбоджа Премьер-министрі Хун Манеттің Қазақстанға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынасты жандандыруға жол ашатынын және ортақ ниетті нақты іске ұластыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
– Биыл екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 32 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде мемлекеттеріміз сындарлы саяси диалог жүргізіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дәйекті түрде ілгерілетіп келеді. Біздің алдағы қадамдарымыз бүгін қабылдайтын Бірлескен мәлімдемеде көрініс тапқан. Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қоямыз. Қазақстан Камбоджаны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі және АСЕАН ұйымымен ықпалдастықты кеңейтудегі маңызды елдердің бірі ретінде қарастырады, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Қазақстан мен Камбоджаның халықаралық аренада, соның ішінде БҰҰ жанындағы екі елдің тұрақты өкілдіктерінің қызметі аясында белсенді қарым-қатынасты жолға қойғанын атап өтті.
Президент БҰҰ Бас ассамблеясының күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша Қазақстанның бастамаларына Камбоджаның қолдау көрсеткенін жоғары бағалады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:00, 17 қазан 2026
Астанада әйелді аңдып, интимдік жерлеріне қол тигізген ер адам қамауға алынды
-
15:53, 17 қазан 2026
Алматыда жүргізуші қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
-
15:42, 17 қазан 2026
Пәкістандағы қайғылы оқиға: Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады
-
15:42, 17 қазан 2026
Тоқаев Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
14:46, 17 қазан 2026
Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады





