Тоқаев Палестина президентімен телефон арқылы сөйлесті
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 8 желтоқсанда Палестина президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Мемлекеттер басшылары саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасын талқылады. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде пікір алмасты".
Қазақстан президенті "Қос халық үшін екі мемлекет" формуласына сүйене отырып, аймақта тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қуаттайтынын да жеткізді.
Палестина басшысы Махмұд Аббас елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды", делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 25 тамыз 2026
«Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда». Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады
-
22:58, 25 тамыз 2026
«ЖІӨ-нің әрбір алтыншы теңгесі көзден таса қалуда». Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады
-
22:43, 25 тамыз 2026
«Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:22, 25 тамыз 2026
Құрылтай сайлауының өтуіне орай президент атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр
-
21:22, 25 тамыз 2026
Біріккен Араб Әмірліктерінде екі қазақстандық қыз қаза тапты





