ШҚО мен Шымкентте тұрғын үйлерді қысқа дайындау қарқыны төмен

11:53, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563244

© Фото: Zakon.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 25 тамызда Үкімет отырысында тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындық деңгейі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 51 391 тұрғын үйде дайындық жұмыстары аяқталған. Бұл жоспардың 96%-ын құрайды.

"Тұрғын үйлердің 100 пайыз дайындығы тек Түркістан облысында қамтамасыз етілді. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау қарқыны тиісті деңгейде емес", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министр өңірлерде инженерлік инфрақұрылым нысандарында да жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын еске салды.

"Сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарланған 1808 шақырымның 1303 шақырымы жөнделді. Жоспарланған көрсеткіштің орындалуы 72%-ды құрайды. Алты өңірде жөндеу жұмыстары аяқталды. Алматы және Жамбыл облыстарында көрсеткіштер төмен. Су бұру желілеріндегі жоспар 74%-ға орындалды, яғни 306 шақырымның 225 шақырымы жөнделді", – деп толықтырды Ерсайын Нағаспаев.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі медициналық мекемелерді жылыту маусымына дайындау көрсеткіші төмен өңірлерді атаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!