Тоқаев Network School-ның негізін қалаушымен кездесті
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Network School жобасының негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады. Кездесуде Қазақстанның технологиялық экожүйесін дамыту және цифрлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Network School жобасының Қазақстандағы технологиялық экожүйенің қалыптасуына қосқан үлесін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Қазақстан технологияны терең меңгерген көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында білім, ғылым және цифрлық құзыреттерге белсенді инвестиция салып жатқанын атап өтті.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жуырдағы Жолдауында жарияланған "Халықтық құрылыс" бастамасына тоқталды. Оның айтуынша, бұл жоба келешек ұрпаққа маңызды әрі ауқымды мұра қалдыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында мектептер, университеттер мен медициналық мекемелерді қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланған.
Сонымен қатар Президент Астанада Network School Kazakhstan желісінің іске қосылуын және жобаның Қазақстан университеттерімен, стартаптарымен, технологиялық кәсіпорындарымен серіктестікті кеңейту жоспарын құптады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film фестиваліне инвестициялық қолдау көрсеткені үшін Баладжи Шринивасанға алғыс білдірді.
Өз кезегінде Network School негізін қалаушы Қазақстанда озық технологиялық шешімдер мен экономиканың дәстүрлі салаларының өзара үйлесім тауып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ Баладжи Шринивасан Network School Kazakhstan жобасының негізгі бағыттарын таныстырды. Жоба цифрлық шешімдерді дамытуға, адам капиталын нығайтуға және инновациялық әзірлемелерді енгізуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:40, 4 қараша 2026
Астанада жол апатынан зардап шеккен полицей көз жұмды
-
14:21, 4 қараша 2026
Қазақстанда 2026 жылдың соңына қарай көлік бағасы арзандауы мүмкін
-
14:08, 4 қараша 2026
Құрылыс талаптарын бұзғандарға қатаң шара қолданылады – Өнеркәсіп министрі
-
13:48, 4 қараша 2026
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі алаңдауға негіз бар-жоғын түсіндірд
-
13:33, 4 қараша 2026
Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды





