Ирина Юнусметова нысана көздеуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының мергені Ирина Юнусметова Дохада (Қатар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 50 метр қашықтықтан тапаншамен нысана көздеу сайысында жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жарыс қорытындысы бойынша Юнусметова 537 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
546 ұпай жинаған Түркия өкілі Севваль Илайда Тархан алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде 542 ұпай еншілеген Армения спортшысы Эльмира Карапетянға бұйырды.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 3 қараша 2026
Хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды
-
18:57, 3 қараша 2026
Қазақстан семсерлесушілері U23 Азия чемпионатын 11 медальмен аяқтады
-
14:55, 3 қараша 2026
Чемпиондар лигасының төртінші туры қандай қызықты матчтармен басталады
-
22:52, 2 қараша 2026
Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасында өнерін аяқтады
-
22:03, 2 қараша 2026
Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында алтыншы орын алды





