Қазақстанда 4 қарашада ауа райы қандай болады

17:33, 3 қараша 2026
MKZ: 1575764

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 4 қараша, сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, күн жылы болады. Тек елдің батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда нөсер жаңбыр болуы мүмкін", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оның ішінде таулы аудандарда түнде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, республика аумағының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыста жел күшейеді.

"Жетісу облысында, Алматы және Қызылорда облыстарының солтүстігінде 2-7 градусқа дейін үсік жүреді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!