Тоқаев Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президентін қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесуде Қазақстан мен Microsoft компаниясының IT-индустрияны дамыту және стартаптар үшін толық экожүйе құру бағытындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Microsoft компаниясының Қазақстандағы кеңсесі қайта құрылымдалып, Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтитын мультиөңірлік хабқа айналғаны жөнінде мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы елімізде жасанды интеллект саласына қатысты заңнама әзірленіп жатқанын айтты. Басты мақсат –инновацияны дамыту және экономикалық өрлеу үшін ЖИ әлеуетін пайдалану. Келесі жылы Жасанды интеллект ұлттық орталығын ашу жоспарланып отыр. Аталған кешен Қазақстандағы цифрлық трансформацияға қажетті негізгі инфрақұрылымға айналмақ.
Мишель Симмонс Microsoft компаниясы цифрлық даму мақсатында Қазақстан тарапымен нәтижелі ықпалдастықты одан әрі жалғастыруға бейіл екенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:21, 31 қазан 2024
Қазақстанда қанша қыз адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салғызды
-
18:02, 31 қазан 2024
Алматыда кезекті заңсыз ТЖО бұзылады
-
17:50, 31 қазан 2024
Астана тұрғыны суды тазарту аппаратынан ақша ұрлап кетті
-
17:36, 31 қазан 2024
«Іске асырымды-ақ»: қазақстандық әйел үш жылда пәтерге қалай қаражат жинағанын баяндайды
-
17:28, 31 қазан 2024
Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасымен кездесті