Қазақстанда балаларға арнаулы білім беру қызметтерін көрсету стандарты өзгереді

11:12, 31 қазан 2024

© Фото: pexels

Білім Министрлігі білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер тізімінен – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетпейтін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін алып тастау көзделеді.

Сонымен қатар, стандартта балалар тәулік бойы болатын білім беру ұйымдары қалады: оңалту орталығы, арнайы мектеп-интернат.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерге:

  • жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары (ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, жасөспірімдер үйі);
  • арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, арнайы мектеп-интернаты);

Білім беру және құқықтарды қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің тізбесі толық болып табылмайтыны нақтыланады.

Түсіндірілгендей, диагностика мен кеңес беру, психологиялық-педагогикалық қолдау үшін құрылған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті стандарттан алынып тасталады.

Құжат 13 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!