Алматыда кезекті заңсыз ТЖО бұзылады

18:02, 31 қазан 2024

© Сурет: Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Розыбакиев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан ірі техникалық қызмет көрсету орталығын бұзылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында басқарма "АҚЖОЛ" ЖШС иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген болатын.


"Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, осы жылдың 13 қыркүйегінде басқарма Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап-арыз жіберді. Сот процесі аяқталмаса да, нысанның иесі нысанды өз еркімен бұза бастады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, былтырдан бері қалада 49 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқа да құрылыстар толық немесе жартылай бұзылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!