Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдікке анасы ілінді
© Сурет: pixabay
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қараусыз ғимараттан табылған жаңа туған сәбиге қатысты қосымша ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.
"Іздестіру жұмыстары барысында өлі шақалақтың биологиялық анасы анықталып, ол ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайларын анықтау бойынша қажетті тергеу шаралары қолға алынды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында қараусыз ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:24, 30 қазан 2024
Тоқаев Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады
-
20:18, 30 қазан 2024
«Қазхром» кәсіпорнында екі жұмысшы қаза тапты
-
19:47, 30 қазан 2024
Астанада Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті
-
19:23, 30 қазан 2024
Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды
-
19:18, 30 қазан 2024
«Ұшаққа жай түсті». Шымкент – Алматы рейсінің неге кешіктірілгені белгілі болды