Қазақстанда қанша қыз адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салғызды
© Сурет: freepik
Қазан айының басынан бастап республикада әр жерде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы 11 жастағы қыздарға вакцинациялау, сондай-ақ, 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған толтыру иммундауы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі таңда Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинамен 11-13 жас аралығындағы 54,5 мыңнан астам қыз егілді.
Өңірлердің арасында АПВ-ға қарсы вакцинациялау бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, онда 11,1 мыңнан астам қыз егілді, Шымкент қаласында 5,3 мыңнан астам оқушы, Қарағанды облысында 4,3 мыңнан астам, Жамбыл облысында 4 мыңнан астам, Астанада 3,7 мыңнан астам қыз вакцинацияланды.
"Вакцинацияланғандардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Қазақстанда екпелер мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинациялау тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін. АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуына жол бермейді. Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және фертилдік жастағы (25-44 жас) әйелдердің сүт безі обырынан кейінгі өлімінің екінші себебі болып табылады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:06, 31 қазан 2024
Қызылордада «Нашарқорлыққа жол жоқ» тақырыбында үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
19:42, 31 қазан 2024
Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады
-
19:20, 31 қазан 2024
Екібастұзда ауа ластану нормасынан асып кетті
-
19:00, 31 қазан 2024
Алматыда Медеуге дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
-
18:33, 31 қазан 2024
Тоқаев Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады