Тоқаев Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 30 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады.
Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Бұған дейін Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 30 қазан 2024
Футболдан «Астана» командасы «Атырауды» жеңіп, турнир кестесінде көш бастады
-
22:31, 30 қазан 2024
Алматы облысында танымал блогердің Lamborghini-мен трюк жасамақ болған жас көз жұмды
-
21:57, 30 қазан 2024
Еркін күрестен ӘЧ-2024: Нұрқожа Қайпанов финалға шықты
-
21:06, 30 қазан 2024
«Қатты жел, көктайғақ, тұман». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:18, 30 қазан 2024
«Қазхром» кәсіпорнында екі жұмысшы қаза тапты