«Қазхром» кәсіпорнында екі жұмысшы қаза тапты

20:18, 30 қазан 2024

© Сурет: freepik

"Қазхром" ТҰК " АҚ кәсіпорындарының бірінде жол апаты салдарынан екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат 30 қазанда компанияның Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан кәсіпорынның екі қызметкері жарақаттанып, көз жұмды. Оқыс оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, оның мән-жайы анықталып жатыр. "Қазхром" ТҰК" АҚ ұжымы марқұм болған қызметкерлердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", делінген хабарламада.

Компания қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін де нақтылайды.

Дөң тау-кен байыту комбинаты - 1938 жылы Хромтау қаласында құрылған хром кенін өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. "Қазхром" ТҰК АҚ ERG тобына кіреді. Оның акционерлері Александр Машкевич, Патох Шодиев, Ибрагимовтар отбасы және ҚР Үкіметі (үлесі - 40%) болып табылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!