Алматы облысында қараусыз ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды

18:30, 30 қазан 2024

© Сурет: pixabay

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында қараусыз ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой Алматы" порталының мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қазанда болған.

Сондай-ақ, полиция шақалақтың анасын ұстады.

"Баланың болжамды анасы ауруханаға жатқызылды", делінген хабарламада.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Алматы облысының ПД баспасөз қызметіне жүгінді. Ондағылар бала өлімі фактісін растады.

Бұған дейін Жамбыл облысының Түймекент ауылында арасында бір күн салып екі жасөспірімнің денесі табылғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!