Тоқаев Майя Сандумен кездесті
© Фото: zakon.kz
Мемлекет басшысы Молдова Президенті Майя Сандумен кездесті. СОР29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Майя Сандумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:15, 14 қараша 2025
Алматы облысында шетелдік көшбасшының бейнесі мен көрші мемлекеттің туын өртеген 20 адам жауапқа тартылды
-
10:07, 14 қараша 2025
Қазақстанның жеті қаласында қауіпті метеорологиялық жағдайлар жарияланды
-
09:52, 14 қараша 2025
UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтің спорттан кету себебін атады
-
09:41, 14 қараша 2025
Түркияда 95 жылға сотталған 17 жастағы рецидивист ұсталды
-
09:36, 14 қараша 2025
Биологтар миы бүкіл денесіне таралған теңіз жануарын анықтады





