15 жылқыны ұрлады деген күдікпен шығысқазақстандық қолға түсті
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы азамат 15 жылқыны ұрлады деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қыркүйек айының соңында ер адам қараусыз жайылып жүрген жылқы үйірін байқап, түннің қараңғылығын пайдаланып, оларды өзі жұмыс істейтін фермаға айдап әкеткен.
Күдікті ұрланған малдың тоғызын сатып, бір бөлігін базарға өткізген. Осылайша жәбірленушілерге жалпы 6 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.
Ауыл тұрғындары жоғалған жылқыны іздеуге кіріскенде, күдікті өзіне күдік келмеуі үшін қалған жылқыларды еркіндікке жіберген. Дегенмен, полицейлер қылмыстың ізін суытпай, тергеу барысында күдіктінің бұл іске қатысы бар екенін анықтап, оны ұстады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеу мүмкін болды. Қазіргі уақытта мал ұрлығы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті тұрғындарға өз малын қараусыз қалдырмау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін тағы бір еске салады. Полицейлердің айтуынша, сақтық шараларын сақтау ұрлықтың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2024
Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады
-
22:24, 26 желтоқсан 2024
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды