Ұшақ апатының орнынан тікелей бейнелер таратқан блогер жұртшылықтың наразылығын тудырды
© Сурет: Instagram/Азамат Сарсенбаев
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 2024 жылдың 25 желтоқсанында 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол өзінің Instagram аккаунтында айтты.
"Мені 10 тәулікке қамауға алды", — деп жазды Сәрсенбаев.
Соттың баспасөз қызметі қамауға алу туралы түсініктеме берді.
"Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық соты ҚР ӘҚБтК–нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша тартылған азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады ("құқық қорғау органы қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның заңды талабына бағынбау, оның заңды қызметіне кедергі жасау")", — делінген хабарламада.
Сот 2024 жылғы 25 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында Сәрсенбаев "Баку-Грозный" бағытымен келе жатқан ұшақтың апатқа ұшыраған жерінде болғанын анықтады.
"Аумақты полиция қызметкерлері қоршап алғанына қарамастан, С. дрон мен ұялы телефонды пайдаланып бейне түсірілім жасады. Құқық бұзушының әрекеті құтқару қызметтері мен тергеу әрекеттеріне кедергі келтірді. Сонымен қатар, ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартты. Сот ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша С.-ны кінәлі деп таныды және оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", — деп түсіндірді сотта.
Айта кетейік, қамауға алудан бірнеше сағат бұрын Сәрсенбаев дронның көмегімен Ақтау әуежайының жанындағы ұшақтың құлаған жерін түсірген болатын. Бұл бейнелерді жариялағанына халық та наразы болды.
- Азамат, адамдар қайғыдан қан жұтып отырғанда мұндай контент жариялағаныңыз дұрыс болмады!
- Этика бойынша, өлген адамдардың суретін жариялауға болмайды.
- Неге суреттерін саласыңдар! Тума туыстарына ауыр жағдай ғой!
- Бұл жолы шектен шығып кетті, қамауға алғандары дұрыс болды.
- Жерден жеті қоян тапқандай мәз болып бірінші болып контент түсіргеніне және БАҚ менің фотоларымды салып жатыр деп мәз болдың, ешқандай қайғыру көрмедім. Адамдардың өліп жатқаны да бәрібір болған сияқты бұл жігітке...
- Бұл жігітке хайп керек...контенетін түсіріп алғаннан кейін тайып тұрды
Ақтау маңындағы ұшақ апаты туралы соңғы ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2024
Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады
-
22:24, 26 желтоқсан 2024
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды