Тоқаев Қызылорда облысының әкімін қабылдады
© Сурет: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспары баяндалды.
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың айтуынша, өңірде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, экономиканы әртараптандыруда алдағы үш жылға 1 триллион 900 миллиард теңгенің 48 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Биыл 1 триллион теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады. Президенттің Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана, 500 орындық емхана, 200 орындық перинаталдық орталық, жаңа драма театры мен заманауи кітапхананың құрылыстары жүргізіліп жатыр. Қызылорда – Ақтөбе автожолын кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды. Бейнеу – Сексеуіл тас жолының құрылысы жақында қолға алынбақ.
Жыл соңына дейін 10 елді мекен газдандырылып, халықтың 85 пайызы көгілдір отынды тұтына бастайды. Үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамту мақсатында биыл 2 400 пәтер беру жоспарланған. Облыстағы 138 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізу, жолдардың 95,5 пайызын жақсарту көзделген.
Мемлекет басшысы облыс әкіміне экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, экологиялық ахуалды ілгерілету және ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:52, 21 мамыр 2026
Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:31, 21 мамыр 2026
Алматыда жазда ауа райы қандай болады
-
17:20, 21 мамыр 2026
Теннисші Анна Данилина Франиядағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды
-
17:17, 21 мамыр 2026
Павлодар облысында өнеркәсіп аймағынан түсті металл ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
-
16:55, 21 мамыр 2026
Түркістан облысындағы өртке қатысты комиссия қылмыстық ізді жоққа шығарды





