Теннисші Анна Данилина Франиядағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды

17:20, 21 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жұптық сында финалға шығу үшін бақ сынайды.

Данилина Страсбургтегі турнирде ресейлік Екатерина Александровамен жұптасып өнер көрсетуде.

Ширек финалда олар америкалық Эйжа Мухаммад пен венгриялық Фанни Штолардан басым түсті. Кездесу 7:5, 3:6, 10:6 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Данилина мен Александрова канадалық Габриэла Дабровски және бразилиялық Луиза Стефани жұбымен кездеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!