Қарағанды облысында тауға шыққан ерлі-зайыпты құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды
© Сурет: pexels
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы "Пионерлер шыңы" аумағында құтқарушылар екі туристі эвакуациялау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңертең саяхатшылар тауға көтерілген, алайда төменге түсіп бара жатқанда ер адам аяғын сындырып алған.
"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды. Оның көмегімен туристердің нақты орналасқан жері жедел анықталды. Кейін ТЖМ қызметкерлері тауға көтеріліп, зардап шеккендерді аман-есен эвакуациялады. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ерлі-зайыптылар қауіпсіз жерге жеткізілді", делінген хабарламада.
Бұған дейін Қызылорда облысында түйе кәріз құдығына түсіп кеткені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:18, 20 мамыр 2026
«Жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:42, 20 мамыр 2026
Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстанда Әлем кубогының кезеңіне дайындықты бастады
-
20:27, 20 мамыр 2026
Қызылорда облысында түйе кәріз құдығына түсіп кеткен - видео
-
20:03, 20 мамыр 2026
Алтын Орда мұрасы: Астанада әлемнің жетекші ғалымдары қарар қабылдады
-
19:52, 20 мамыр 2026
Қазақстан мен Кения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды





