Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

17:52, 21 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасы таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркебұлан Еңсегенов құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық таеквондошы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде еншіледі. Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде иорданиялық Джафар Альдаудқа есе жіберді.

Осылайша, Еңсегенов Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!