Тоқаев кеше онлайн-концерт берген Роза Рымбаеваға алғыс айтты

09:55, 27 наурыз 2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын, деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!