Қызылорда қаласында «Жасыл аймақ» акциясына ардагерлер де атсалысты
© Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қоршаған ортаны таза әрі ұқыпты ұстау – әрбір азаматтың басты парыздарының бірі. Себебі, табиғат – баршамызға ортақ құнды байлық. Қазақта ежелден табиғатты аялауға, жақсы көруге үлкен мән беріледі. Сол үшін де атадан балаға жалғасқан игі іс халық арасында өз құндылығын жоғалтқан емес.
Сондықтан да, дәстүрін діңгек еткен дана халқымыз көктем шығысымен аумақты көкжелекке айналдыруға атсалысып, тал отырғызуда белсенділік танытады.
Бүгінде елімізде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы "Жасыл аймақ" тақырыбында жалғасуда.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Осы ретте, Сырбойылық бір топ ардагерлер және зиялы қауым өкілдері қаладағы Қорқыт ата ескерткіші маңында Сыр талын отырғызып, аталмыш акцияға өз үлестерін қосты.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, ардагерлер ескерткіш аумағында әдемі гүлдер екті.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шара барысында облыстық ардагерлер кеңесі төреағасының орынбасары Өмірбек Шәменов акцияға қатысты өз пікірін білдіріп, жас ұрпаққа табиғаттың жанашыры болуға және айналаны барынша таза ұстауға шақырды. Осы арқылы аймағымыздың экологиялық ахуалын жақсартып, жан-жағымызды жасыл-желекке айналдыруға үлкен мүмкіндік болары сөзсіз екенін тілге тиек етті.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, "Жасыл аймақ" апталығы Қызылорда қаласы және барлық аудан орталықтарында ерекше шаралармен жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 6 мамыр 2024
Бокстан АЧ-2024: Ересектер арасында ақтық сында шаршы алаңға кімдер шығатыны белгілі болды
-
22:16, 6 мамыр 2024
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асып кетті
-
21:55, 6 мамыр 2024
Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Азия чемпионатында 11 алтын медаль еншіледі
-
21:40, 6 мамыр 2024
Көркем жүзуден Парижде өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы алтын медаль иеленді
-
21:27, 6 мамыр 2024
Астанадағы мектептердің біріне Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді