Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымы бойынша кадрлық өзгерістер енгізді

16:49, 25 сәуір 2024

© Фото: Zakon.kz

Мемлекет басшысы 25 сәуірде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымы бойынша кадрлық өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.",- делінген ақпаратта.

Ал оның орнына Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!