Атырауда полициейлер өрт шыққан үйден 50-ге жуық адамды эвакуациялады

22:46, 4 мамыр 2024

© Сурет: Instagram.com/atyrau_tjd

Атырауда 4 мамырда сағат 17:00 шамасында патрульдік полиция батальоны мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, көпқабатты үйден шыққан өрттен тұрғындарды аман алып қалды. Адамдарды құтқару сәтінің видеосы да жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 минуттың ішінде 50-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.

"Сондай-ақ, сақшылар пәтерде құлыптанып қалған 8 жасар баланы құтқарып үлгерді", делінген полиция хабарламасында.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы ТЖД өрттің Махамбет даңғылы бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болғанын нақтылады.


"Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына санаулы минутта жетіп, 5 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы балконда тұрмыстық заттардың жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер жедел іс-әрекет етіп, жануды 6 минутта оқшаулады. Сонымен қатар жанудың өртке ұласуына және пәтерге таралуына жол бермеді. Жану салдарынан балкондағы тұрмыстық заттардың бүлінуі болды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Айта кетсек, 4 мамырда кешкісін Астанада дөнерхана өртеніп, жарылыс болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!