Дөнерханадағы өрт: елордалық келіншек ауруханаға жеткізілді

21:40, 4 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астанада дөнерхана өртеніп, салдарынан зардап шеккен келіншек ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оны тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Зардап шеккен келіншектің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Қабылдау бөлмесіне жеткізіліп, тексеруден өткеннен кейін ол үйіне босатылды", делінген хабарламада.

Бұған дейін 4 мамырда кешкісін Астанада Байқоңыр ауданында тамақтану орыны - дөнерхана өртеніп, жарылыс болғаны хабарланған.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі төтеншеліктер оқ ошағынан сегіз газ баллонын сыртқа шығарғанын айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!