БҚО-дағы уақытша пункттерде 2300-ден аса адам бар: зардап шеккендер дәрігерлер бақылауында

21:47, 4 мамыр 2024

© Сурет: видеодан алынды

Батыс Қазақстан облысында уақытша орналастыру пункттерінде 2345 адам, оның ішінде 1017 бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқынынан зардап шеккен оралдықтарға ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жәрдем көрсетуде.

Облыс бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ әрекет ету кезеңінде алғашқы медициналық көмекті 200-ден астам жергілікті тұрғындар алды.


Бұған дейін синоптиктер Алматы мен Павлодар облыстарының тұрғындарына су тасқыны туралы ескерту жасаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!