Қазақстанда жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

12:31, 4 мамыр 2024

© Сурет: freepik

Қазақстан Үкіметі "Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2024 жылғы 27 сәуірдегі қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын", – делінген құжатта.

Ведомствоның функцияларына мыналар кірді:

  • жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
  • жасанды интеллект технологияларын дамыту саласында нормативтік құқықтық реттеуді әзірлеу және іске асыру;
  • жасанды интеллект саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
  • жасанды интеллект саласындағы сараптамалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекіту;
  • жасанды интеллектті дамыту бөлігінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келісу.

Бұл ретте "Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!