Су тасқынынан кейін мемлекеттік қолдауға ие болған қазақстандық отбасылардың саны артты
© Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда ірі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу процесі жалғасуда. Үкімет бұл жұмысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, республиканың зардап шеккен аймақтарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр.
"Республиканың зардап шеккен аймақтарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беруде. Бүгінгі таңда 24 835 өтінім қабылданды. Биылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша 16 168 отбасы 5,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал басының шығыны үшін берілетін төлем көлемі 916 млн теңгеден асты." ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 4556 тұрғын үй тексеріліп, 2845 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.
Сурет: primeminister.kz
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге және тұрғын үйді қалпына келтіруге 696 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Аталған көмек 530 отбасын қамтыды.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында тағы 53 отбасыға қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілді.
Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 17 мамыр 2024
Көп бала асырап алған Мұрат: арасында орыс, украин, түркмендер де бар, бірақ бәрі қазақша сөйлейді
-
22:33, 17 мамыр 2024
Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасы Германиядан ойсырай ұтылды
-
22:20, 17 мамыр 2024
Өзбекстанда өткен халықаралық айтыста Мұхтар Ниязов бас жүлде иеленді
-
22:06, 17 мамыр 2024
БҚО тұрғыны алаяқтан бүкіл аурудан емдейтін «ғажап көрпені» 150 мың теңгеге сатып алған
-
21:23, 17 мамыр 2024
«Бұршақ, дауыл, найзағай». Сенбіге арналған ауа райы болжамы