Қауіпті аурулардың алдын алу үшін күніне қанша қадам жүру керек
© Сурет: pixabay
Денсаулығын нығайтқысы келетін адамдарға күніне 10 мың қадам жүремін деп өздерін қинаудың қажеті жоқ. Ғалымдар қауіпті аурулардың алдын алуға жеткілікті күнделікті қадам санын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Lancet Public Health басылымында жарияланған ауқымды зерттеу нәтижесіне сәйкес, күніне 7 мың қадам жүру — қолжетімді әрі оңтайлы меже.
Мамандардың айтуынша, мұндай дене белсенділігі денсаулықтың жалпы жағдайын едәуір жақсартып, ауыр аурулардың даму қаупін төмендетеді.
Зерттеу барысында ғалымдар проспективті зерттеулердің ондаған нәтижесін талдаған.
"Күніне шамамен 2 мың қадам жүретін аз қимылдайтын адамдармен салыстырғанда, 7 мың қадам жүру кез келген себептен мезгілсіз қайтыс болу қаупін 47%-ға төмендетеді. Сонымен қатар жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі 25%-ға, деменцияның даму қаупі 38%-ға, ал депрессия белгілерінің пайда болу ықтималдығы 22%-ға азаяды", – делінген хабарламада.
Зерттеу авторлары күніне 10 мың қадам жүру межесі белсенді өмір салтын ұстанатын адамдар үшін әлі де жақсы бағдар екенін атап өтті.
Дегенмен бұл көрсеткішке жету қиын адамдар үшін күніне 7 мың қадам жүру — денсаулықты сақтауға көмектесетін, қолжетімді әрі пайдалы балама.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің кеңесімен немесе тағайындауымен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:31, 19 қазан 2026
Солтүстік Қазақстан облысында көлік аударылып, үш әйел зардап шекті
-
22:12, 19 қазан 2026
Алматыда жеңіл көлік «ГАЗельмен» соқтығысты, алты айлық сәби ауруханаға жеткізілді
-
21:31, 19 қазан 2026
-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды
-
21:17, 19 қазан 2026
Ақтауда Land Cruiser жүргізушісі екі адамды қағып кетті
-
21:17, 19 қазан 2026
Land Cruiser жүргізушісі жылдамдықты ауыстырғанда шатасып, екі адамды қағып кетті





