Солтүстік Қазақстан облысында көлік аударылып, үш әйел зардап шекті

22:31, 19 қазан 2026
MKZ: 1573235

© Фото: akorda.kz

Солтүстік Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік аударылып, үш әйел зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 2026 жылғы 18 қазанда сағат 11:40 шамасында Тайынша – Ясная Поляна тасжолында, Вишневки ауылының маңында болған. Audi 80 көлігін 34 жастағы жүргізуші басқарған.

Полицейлердің алдын ала мәліметінше, көлік қозғалысы кезінде артқы дөңгелек тұсында техникалық ақау пайда болып, ер адам рөлге ие бола алмай қалған.

"Көліктегі жасы 38, 21 және 34-тегі үш жолаушы Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаға байланысты көлікті пайдалану және жол қозғалысы ережелерін бұзып, адамдардың денсаулығына зиян келтіру фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Ведомство өкілдері қазір жол апатына қатысты барлық қажетті материал жиналып жатқанын айтты.

"Полиция департаменті жүргізушілерді көліктерінің техникалық жағдайын бақылауға, жол мен ауа райы жағдайын ескеруге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", – деп түйіндеді ведомство.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!