Тоқаев дамбаның жарылуынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды

13:22, 2 мамыр 2020

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының Мақтаарал ауданында зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан обл. Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін ПМ А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым" деп жазды Мемлекет басшысы Твиттерде..


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!