Тоқаев: Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елдегі көлік-логистика саласына назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, біз еліміздің инфрақұрылымдық арқауының тағы бір мызғымас тірегі – көлік-логистика саласына баса назар аударуымыз керек. Бұл сала стратегиялық маңызға ие.
"Біздің аймақтағы барлық елдер де осы бағытқа ден қойып жатыр, сондықтан, бәсеке күшеюде. Теміржол саласының жүк тасымалындағы рөлін ескере отырып, мемлекет жаңа магистральдар мен вокзалдар салуға және оларды жаңғыртуға баса мән беріп отыр. Былтыр Достық – Мойынты бағытының екінші желісі және Алматы қаласын айналып өтетін теміржол іске қосылды. Биыл Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал, келесі жылы Бақты – Аягөз теміржолдарының құрылысы аяқталады". Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен қатар, ол еліміздегі автокөлік жолдарының сапасын жақсарту міндетін де орындауымыз керек екенін жеткізді.
"Былтыр 13 мың шақырым автокөлік жолын жөндеу жұмысы басталды. Оның 6 мың шақырымы қолданысқа берілді. Мұндай ауқымды жұмыс ел тарихында бірінші рет жасалды. Келесі жылы автокөліктерді өткізу бекеттерін жаңғырту ісі аяқталуы керек. Соңғы бес жылда ел аумағы арқылы автокөлікпен тасымалданатын жүк көлемі екі есе артып, 6 миллион тоннаға жетті. Былтыр автокөлікпен жүк тасымалдаушылардың табысы 1,5 триллион теңге болды. Бұл – теміржол саласындағы кіріспен шамалас көрсеткіш. Осының өзі отандық автокөлік тасымалы саласының әлеуеті зор екенін көрсетеді. Демек, мұндай кәсіпкерлерді барынша қолдау керек". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президенттің пікірінше, авиация саласындағы табысымыз да көбеюде.
"Елімізде жаңа ұшу бағыттары ашылып жатыр. Толыққанды әуе хабтарын қалыптастыру үшін нақты жұмыс жүргізілуде. Әрине, осы тұрғыдан алғанда, Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет. Көп ұзамай оның құрылысы басталуы қажет. Әуе кеңістігі арқылы жүк тасымалдайтын арнайы компания құру өте орынды шешім болды деп санаймын. Бұл маңызды қадам халықаралық логистикадағы әлеуетімізді күшейтуге ықпал етері сөзсіз",- деді ол.
Бұған дейін ол жасанды интеллектіні экономиканың барлық негізгі саласына енгізу керек екенін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:16, 30 маусым 2026
«Бәріміз қуаныштымыз»: Димаш Құдайбергеннің анасы отбасындағы жағымды жаңалықпен бөлісті
-
15:02, 30 маусым 2026
Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
-
14:51, 30 маусым 2026
Атырау облысында құны 619 млн теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды
-
14:45, 30 маусым 2026
Марокко пенальтилер сериясында Нидерландыны жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
-
14:35, 30 маусым 2026
Мүлікті сату: қазақстандықтарға жаңа ережелер түсіндірілді





