Тоқаев арнайы президенттік әдеби сыйлық беру туралы Жарлыққа қол қойды

09:12, 24 желтоқсан 2025

© Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы "2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы" Жарлыққа қол қойды

Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

"Проза" номинациясы бойынша "Тергеуші" туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;

"Поэзия" номинациясы бойынша "Құмдағы хикая" өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;

"Драматургия" номинациясы бойынша "Ақ киіз" драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;

"Балалар әдебиеті" номинациясы бойынша "Жазда атамның ауылында..." өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!