Бұзушылық пен 13,5 млрд теңгенің шығыны: Қазақстан бойынша электрондық қаржы орталығының аудит қорытындысы
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Жоғары аудиторлық палатада "Электрондық қаржы орталығы" АҚ қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпарға сүйенсек, тексеру барысында мемлекеттік қаржы саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту және сүйемелдеу бойынша жұмыс бағаланды.
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында назар аударуды және оларды жою бойынша шаралар қабылдауды талап ететін бірқатар кемшіліктер мен мәселелер анықталды.
Мәселен, стратегиялық басқаруда олқылықтар бар:
- 2023-2024 жылдардағы даму жоспарларының орындалуы туралы есептілік жоқ,
- жекелеген көрсеткіштер орындалмаған,
- ішкі аудит қызметінің іс-шаралары толық орындалмайды не мерзімдері сақталмайды.
Бюджет процесінің интеграторы ретінде ЭҚО жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланады, алайда ұйымның ішкі нормативтік құжаттары жаңартылмаған. Бұл жүргізілетін жұмыстың тиімділігін шектеуі мүмкін.
Қызметтер құнын есептеуде ЭҚО әртүрлі тәсілдерді қолданады.
Тексеру барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне көп көңіл бөлінді.
Сүйемелдеудегі, сенімгерлік басқарудағы ақпараттық жүйелер, сондай-ақ "Электрондық коммерциялық сатып алу" АЖ бойынша негізгі ақпараттық қауіпсіздік талаптары бұзылған.
Кейбір ақпараттық жүйелер толыққанды жұмыс режимінде қолданылады, дегенмен олар ресми түрде әлі де тәжірибелік жұмыс сатысында.
Сонымен қатар бірқатар қолданыстағы цифрлық жүйелердің жұмысына рұқсатсыз араласу мүмкіндігі бар.
Аудит барысында "Электрондық мемлекеттік сатып алу" ақпараттық жүйесіне техникалық өзгерістер енгізудің 600-ден астам жағдайы анықталды. Мысалы, тәжірибе мен рұқсат құжаттарын тексеруді өшіретін өзгерістер енгізілген. ЭҚО-ның осы бағыттағы тәсілдері бақылауды жетілдіруді және күшейтуді талап етеді.
"Жалпы аудит қорытындысы бойынша 566 млн теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды. Қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану 13,5 млрд теңгені құрады",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлерге жаңа мораторий енгізу мүмкіндігі талқыланғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:51, 23 желтоқсан 2025
Әлемнің экс-бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды
-
16:49, 23 желтоқсан 2025
Тоқаев Президент Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісін тағайындады
-
16:43, 23 желтоқсан 2025
ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі тағайындалды
-
16:31, 23 желтоқсан 2025
Қаңтардағы ҰБТ-ға кім қатыса алады: толық тізім
-
16:23, 23 желтоқсан 2025
Астанада боран, Алматыда жаңбыр мен қар, Шымкентте +8°C: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы





