Тоқаев ақпаратқа қол жеткізу және мемлекеттік наградалар туралы заңнамаға қол қойды
© Сурет: akorda.kz
2025 жылы 13 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізілген кейбір заңдарға қол ойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылы 13 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталған заң 2024 жылы 5 желтоқсанда Сенатта қаралды.
Бұл заң азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және іске асыруға арналған.
Нақты айтқанда, заң ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құзыретін беруді көздейді. Бұл уәкілетті орган басқа мемлекеттік органдарды қадағалайды. Сондай-ақ "ақпаратты проактивті тарату" және "қоғамдық маңызы бар ақпарат" деген жаңа ұғымдарды енгізу, қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қол жеткізуді шектеуге тыйым салу ұсынылып отыр.
Заңдағы тағы бір жаңалық – "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңға мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескеру қағидатын және аталған санаттағы адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған жеке бап енгізу көзделген. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" заңға мемлекеттік наградаларды алуға қойылатын талаптарды арттыруға және жетілдіруге арналған түзетулер енгізіледі. Одан бөлек, "Қазақстан Республикасының тіл туралы" заңына көрнекі ақпаратты орналастырғанға дейін жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша норма енгізу мәселесі де қарастырылды.
Сенаторлар заңның жаңа нормаларын концептуалды тұрғыдан қолдай отырып, оның жекелеген ережелеріне бірқатар түзету енгізді. Олар – жоспардан тыс тексеруді тағайындау негіздеріне және тексеруші мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттерін белгілеуге қатысты мәселелер.
Айта кетсек, 2025 жылы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:26, 13 қаңтар 2025
Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Тунисте өтетін WTT Youth Contender турниріне қатысады
-
23:14, 13 қаңтар 2025
Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының Пәкістанға қарсы ойынға қатысатын спортшылары белгілі болды
-
22:52, 13 қаңтар 2025
Ақтауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды
-
22:46, 13 қаңтар 2025
Өзгенің телефонын пайдаланып, 300 мың теңге айыппұлын төлеп алған оралдықтың қылмысы әшкере болды
-
22:35, 13 қаңтар 2025
Петропавлда жаңадан салынған бөгет жарамсыз болып қалды