Қазақстанда 22 мамырда қар және нөсер жаңбыр қатар жауып, үсік жүреді
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 22 мамыр, жұма күніне арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын "Қазгидромет" РМК мамандары жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, елдің жеті өңірінде түнде ауа температурасы -1…-3°С дейін төмендеп, үсік жүреді:
- Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында,
- Ақмола облысының батысы, солтүстігі және шығысында,
- Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде,
- Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде,
- Қарағанды облысының солтүстігінде,
- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде,
- Абай облысының солтүстігінде.
"Республиканың басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Соған байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады. Шығыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады. Республика бойынша жел күшейеді, батыс, солтүстік-батыс және оңтүстікте шаңды дауыл болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бұршақ пен дауыл күтіледі. Ал солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыста тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар синоптиктер бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болатынын ескертті.
Атап айтқанда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысы, солтүстік-шығысы, оңтүстігі және орталығында, Ақмола облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында, Қызылорда облысының батысы мен орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі, шығысы және орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Абай облысының шығысында, сондай-ақ Жетісу облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы және Жамбыл облыстарының батысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында, сондай-ақ Абай облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтілед
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:51, 21 мамыр 2026
Көркем гимнастикадан Бішкектегі Азия чемпионаты: ұлттық құраманың тізімі
-
18:30, 21 мамыр 2026
Спорттық құзға өрмелеуден Испаниядағы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
18:03, 21 мамыр 2026
Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады
-
17:52, 21 мамыр 2026
Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:31, 21 мамыр 2026
Алматыда жазда ауа райы қандай болады





