Теңгенің қай купюралары жақында айналымнан шығарылады: Ұлттық банк маңызды хабарлама жасады
© Сурет: ҚР Ұлттық банкі
Бүгін, 26 қаңтар 2026 жылы, Қазақстан Ұлттық банкінің (ҰБК) баспасөз қызметі ескі купюраларды жаңа – "Сақ стилі" сериясымен ауыстыруға қатысты маңызды хабарлама жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хабарламаға сәйкес:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Сақ стилі" банкноталарының жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығаруды жалғастырады. 2026 жылдың соңына шығару жоспарланған 20 000 теңгені есепке алмағанда, барлық номиналдағы банкноталар айналымға шығып болды. Жаңа банкноталарды шығару кезінде ескі және жаңа купюралардың айналымда қатар жүретін кезеңі болатынын атап өту маңызды. Яғни, азаматтар сауда-саттықта ескі ақшамен де төлем жасап, оларды жаңасына айырбастай алады деген сөз. Осы уақыт аралығында банктер жаңа банкноталармен жұмыс істеу үшін өзінің банкоматтары мен кассалық жабдықтарын баптайды. Бұл тәсіл ақша ауыстыру кезінде халық пен бизнесті асықтырмай, қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы, номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2023 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы қыркүйекке дейін созылғандықтан, халық пен бизнес ескі ақшаларды жаңасына еш кедергісіз ауыстыруға мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда айналымда қалған ескі үлгідегі банкноталардың көлемі 1%-дан аз. Олар банктерге кейін де түсе береді, ал кейбір бөлігі жоғалып, сыртқа әкетілуіне немесе коллекция түрінде сақталуына байланысты қайтпауы да мүмкін.
2026 жылы номиналы 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталар үшін айналымда қатар жүру кезеңі аяқталады:
- 10 000 теңге – 2024 жылғы 28 маусымнан 2026 жылғы 27 маусымға дейін;
- 2 000 теңге – 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін.
Ұлттық Банк 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Себебі ол банкноталар халық пен кәсіпкерлер арасында кеңінен таралған.
"Оның үстіне, 2 000 мен 10 000 теңгелердің айналымда қатар болу уақыты бір мезгілде аяқталатындықтан, банк жүйесіне қосымша ауыртпалық салуы мүмкін. Сол себепті, мерзімді ұзарту халық пен бизнеске ескі банкноталарды жаңасына біртіндеп әрі ыңғайға қарай ауыстыруға көмектеседі, сондай-ақ ескі үлгідегі банкноталардың табиғи тозуын қамтамасыз етеді." Ұлттық Банк
Сонымен қатар, айналымдағы қатарлас кезең аяқталған соң да барлық банктер мен "Қазпошта" АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі ақшаларға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастайтынын еске салғымыз келеді.
"Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар болған кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді, олар өз құнына сай ҚР бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдарда, банк шоттарына есептеуде қабылдауға жатады." Ұлттық Банк
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 26 қаңтар 2026
Тоқаев Үндістанның премьер-министрін Республика күнімен құттықтады
-
17:55, 26 қаңтар 2026
53 млн теңгенің пәтерлері мемлекет меншігіне қайтарылды
-
17:46, 26 қаңтар 2026
Қазақстан азаматының банктік шотынан 30,7 млн теңге табылып, тәркіленді. ҚМА түсініктеме берді
-
17:31, 26 қаңтар 2026
Еліміздің бір өңірінде 27 қаңтарда қатты аяз болатыны болжанады
-
17:06, 26 қаңтар 2026
Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот отырысы жабық есік жағдайында өтуде





