53 млн теңгенің пәтерлері мемлекет меншігіне қайтарылды
© Сурет: pixabay
Бас әскери прокуратура тұрғын үй қоры объектілерін мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 26 қаңтарда құзырлы органның баспасөз қызметі хабарлады:
"Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде қорғаныс ведомствосының балансында есепке алынбаған төрт пәтер анықталды. Аталған тұрғын үй-жайлардың 20 жылдан астам уақыт бойы тиісті түрде рәсімделген құқық белгілейтін құжаттары болмаған, соның салдарынан оларды заңды негіздерсіз бөгде тұлғалар пайдаланған. Қадағалау актісі негізінде Ақтөбе қаласы әкімдігінің талап арызы бойынша сот пәтерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Одан әрі аталған пәтерлер Қорғаныс министрлігінің балансына берілді".
Бас әскери прокуратура мәліметінше, қайтарылған тұрғын үйлердің бағалау құны 53 млн теңгеден асады.
Бұған дейін Қазақстан азаматының банктік шотынан 30,7 млн теңге табылып, тәркіленгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:24, 26 қаңтар 2026
«Жолаушы тежегішті басқан». Алматыда №92 автобустың жүргізушісі инфаркт алып, қайтыс болды
-
18:58, 26 қаңтар 2026
Көкшетауда күшті дәрілік препараттарды заңсыз өткізу арнасы тоқтатылды
-
18:52, 26 қаңтар 2026
Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан алты күдікті ұсталды
-
18:41, 26 қаңтар 2026
Отандық әуе компанияларға Иранның үстінен ұшуға тыйым салынды
-
18:10, 26 қаңтар 2026
Тоқаев Үндістанның премьер-министрін Республика күнімен құттықтады





