Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот отырысы жабық есік жағдайында өтуде
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2026 жылғы 26 қаңтарда Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты істің алдын ала тыңдалымы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Отырыс басталғанға дейін БАҚ өкілдеріне отырыс екі тараптың өтініші бойынша жабық тәртіппен өткізілетіні хабарланды.
Алайда, бір сағаттан кейін жағдай өзгеріп, барлық журналистерге сот отырысына қатысуға рұқсат берілді. Бірақ, іс жүзінде журналистер сот залына жіберілмеді, өйткені барлық кабинет бос болмады. Осыдан кейін журналистер баспасөз орталығына орналастырылып, сотты тікелей эфирден көру мүмкіндігі туды.
Сот отырысының басталуы уақыты сағат 15:00-ге белгіленген болатыр, алайда ол тағы бір сағатқа кері шегерілді. Журналистерге бұған сотталушыларды сот залына жеткізуінің кешеуілдеуімен байланысты екені айтылды.
"Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыппен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Сот жәбірленушінің қорғаушы өкілдерінің өтінішін қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Қылмыстық іс жабық есік жағдайында қаралатын болады. Осы шығарылған қаулы түпкілікті болып табылады. Ол шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды", – деді судья.

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Судьяның айтуынша, бұл процесс қаза тапқан марқұмның кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін қорғау және өмірге қарсы аса ауыр қылмыстың егжей-тегжейлерінің жария талқысына жол бермеу мақсатында жабық өтпек.
Осыдан кейін соттан жүргізілген трансляция тоқтатылды.
2025 жылғы 30 қазанда әлеуметтік желіде Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың Астанада соққыға жығылғаны, одан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 26 қаңтар 2026
Көкшетауда күшті дәрілік препараттарды заңсыз өткізу арнасы тоқтатылды
-
18:52, 26 қаңтар 2026
Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан алты күдікті ұсталды
-
18:41, 26 қаңтар 2026
Отандық әуе компанияларға Иранның үстінен ұшуға тыйым салынды
-
18:10, 26 қаңтар 2026
Тоқаев Үндістанның премьер-министрін Республика күнімен құттықтады
-
17:55, 26 қаңтар 2026
53 млн теңгенің пәтерлері мемлекет меншігіне қайтарылды





