Бекназаров: Халық Кеңесі – ел пікірін ескеретін жоғары кеңес
© Сурет: Telegram/konstituciyalikreforma
2026 жылғы 26 қаңтарда Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтуде. Онда "Құрылтай", "Халық кеңесі" бөлімдері бойынша нормалар талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Парламент Сенатының депуаты, Нұрлан Бекназаров Конституциялық комиссия отырысында "Құрылтай", "Халық кеңесі" бөлімдеріндегі нормаларға тоқталды.
Комиссия мүшесінің айтуынша, бір палаталы Парламентке өтуге байланысты қолданыстағы Конституцияның "Парламент" бөлімінің бірқатар баптарына оның құрылуы, сайлануы, құзіреті, өкілеттігі, заң қабылдау процестері мен құрамына қатысты маңызды өзгерістер енгізу көзделген. Бірқатар баптардың күші тұтастай алынып тасталады.
"Жобаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрылтайы – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi органы болып саналады. Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған Құрылтайдың бірінші сессиясының жұмысы басталған кезде аяқталады. Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциялық заңда айқындалады", – деді Нұрлан Бекназаров.
Құрылтай конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесімен сайланатын 145 депутаттан жасақталады. Депутаттардың өкілеттік мерзімін бес жыл етіп белгілеу ұсынылған.
Сонымен бірге, Комиссия отырысында Құрылтай депутаттарын сайлау мерзімдері мен дауыс беру тәртібі, Құрылтай Төрағасын сайлау, үміткерлерге қойылатын талаптар мен тыйымдар талқыланды.

Сурет: Telegram/konstituciyalikreforma
Бұл ретте, президент жаңа реформалар аясында қоғамның елеулі дамуына, елдің ынтымақ-бірлігін нығайтуға ықпал ететін қоғамдық-саяси бірлестіктер мен белсенділерді біріктіретін жаңа жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық кеңесін құруды ұсынған еді. Депутат Ата заңға Халық Кеңесінің өкілдігіне, құзіретіне, қатысты жеке бөлімнің енгізілуі консультативтік органның маңыздылығын айқындайтынын жеткізді.
"Қазақстан Республикасының Халық Кеңесі – Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болып белгіленеді және оның құрамы Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталады. Халық Кеңесін құру тәртібі және оның құрамы, өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыру мәселелерін айқындайтын заңға Конституциялық мәртебе берілгенін ерекше атап өту қажет", – деді Нұрлан Бекназаров.
Бұған дейін Қазақстанда активтерді қайтару қызметі құрылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:43, 26 қаңтар 2026
Мәжіліс депутаты азаматтардың өмірі мен жеке өмірін Конституцияда қорғауды ұсынды
-
13:32, 26 қаңтар 2026
Атыраудағы ерлер түрмесінде өрт шықты: бір сотталған жарақат алды
-
13:21, 26 қаңтар 2026
Маңғыстауда он шақты үйді су басты
-
13:13, 26 қаңтар 2026
Қазақстандық каратэші Түркиядағы турнирде жеңіске жетті
-
13:02, 26 қаңтар 2026
Шымкентте есірткі таратумен айналысқан күдіктілер ұсталды





