Үкімет бизнесті қолдауға шешім қабылдады – салық және айыппұлдар азаяды

10:52, 26 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

Экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Қазақстан үкіметі микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салық әкімшілігін түзету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 2026 жылғы 26 қаңтарда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімге сәйкес мынадай құжаттарды бекіту көзделеді:

  • микро және шағын бизнес субъектілерін тарату және олардың қызметін тоқтату қағидалары;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген салық берешегі болған жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне уақтылы қойылмағаны үшін салынған айыппұлдарды есептен шығару қағидалары.

Аталған қағидалар жобалары 2026 жылғы 12 қаңтарда "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды. Олардың күшіне енуінің жоспарланған мерзімі — 2026 жылғы ақпан айының басы.

Қосымша ұйымдастырушылық-жедел шаралар

1.Камералдық бақылау

Камералдық бақылау мынадай жағдайларды қоспағанда:

  • бейрезиденттердің табыстарына салық салу;
  • көрсетілген салық кезеңдері үшін 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін қосымша салықтық есептілікті ұсыну;
  • 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін салықтық есептіліктің кері қайтарып алынуы;
  • салық төлеушінің салық заңнамасында көзделген, камералдық бақылауды жүргізуді талап ететін өтініштерді және (немесе) талаптарды ұсынуы;
  • бюджеттен ҚҚС қайтару жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде қызмет алушының қызмет көрсетушілеріне қатысты жағдайларды қоспағанда, 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін есептелген салықтық міндеттемелер бойынша берілген салықтық есептілікке қатысты жүргізілмейді.

Бұл шектеу 2025 жылғы 17 желтоқсан күнін негізге ала отырып енгізілді және 2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияны, сондай-ақ 2025 жылдың төртінші тоқсаны үшін өзге де декларацияларды салықтық міндеттемелерді көрсетпей ұсыну тәуекелдерін барынша азайту мақсатында белгіленді.

2. Салықтық тексерулер

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салықтық тексерістер жүргізілмейді, мына жағдайларды қоспағанда:

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған тексерістер жүргізіледі;

  • қарсы салықтық тексерістер жүргізіледі;
  • мынадай жағдайда тағайындалған тексерістер:
  • қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес;
  • прокуратура органдарының актілері мен талаптарына сәйкес;
  • дебиторлармен өзара есептеулерді анықтау мақсатында;
  • кассадағы шығыстарды уақытша тоқтату жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін;
  • жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты;
  • салық төлеушілердің өтініштері мен талаптарына сәйкес;
  • салықтық тексеріс нәтижелеріне қатысты шағымдарды қарау үшін;
  • 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін салықтық есептілік ұсынылған немесе кері қайтарылған кезде;
  • камералдық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды растау мақсатында тағайындалған тексерістер жүргізіледі.

3. Соттық талап-арыздар

  • микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану;
  • 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген тіркеу (қайта тіркеу) әрекеттерін жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беру тоқтатылады.

Құқық қорғау органдарының материалдары негізінде басталған талап-арыздар бұл шектеуге жатпайды.

4.Әкімшілік жауапкершілік

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • қосылған құн салығы бойынша тіркеуге уақтылы қоймағаны үшін;
  • қосылған құн салығы бойынша тіркеуге қойылмаған кезеңдегі айналымдар үшін;
  • 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері бойынша салықтық есептілікті тапсырамағаны үшін

микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар істерін қозғау тоқтатылады:

Шаралардың мақсаты

"Таза парақ" тәсілін жүзеге асырудың мақсаты:

  1. әкімшілік және фискалдық жүктемені азайту;
  2. микро және шағын бизнесті қолдау;
  3. кәсіпкерлерді жүргізіліп жатқан салықтық және институционалдық реформаларға бейімдеуге жағдай жасау.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің фискалдық саясатты дамыту және Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін цифрландыру мәселелері бойынша өткен кеңесте берген тапсырмасына сәйкес, Қаржы министрлігі Салық кодексіндегі өзгерістерге бизнестің бірқалыпты бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жыл бойы микро және шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептемеу мәселелерін қосымша пысықтауда

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!