Михаил Шайдоров Олимпиада алдындағы топ-турнирде жүлдегерлер тізіміне енген жоқ

10:34, 26 қаңтар 2026

© Сурет: Instagram/mikhail_shaidorov

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Бейжіңде (Қытай) өткен төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz дерегіне сүйенсек, қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық төртінші орынға жайғасқан. Осылайша, бұл ойынды ол 175,65 ұпаймен аяқтады.

Қорытындылай келгенде спортшы барлығы 266,20 ұпай жинаған. Нәтижесінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы бесінші орынды иеленді.

Алғашқы орынды 273,73 ұпаймен Као Миура (Жапония) жеңіп алды. Күмісті 273,62 баллмен Джун Хван (Оңтүстік Корея) иеленсе, үздік үштікті Сота Ямамото (270,07) аяқтады.

Өз кезегінде, қазақстандық Диас Жиренбаев 20-шы (185,43) орынға жайғасса, Олег Мельников – 21-ші (164,34) болды.

Айта кетейік, өткен жылы Шайдоров бұл турнирде жеңіске жеткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!